- Басты
- Жаңалықтар
- Дүниежүзілік Сапа күні
Дүниежүзілік Сапа күні
Сапа - өмір сүрудің жоғары деңгейін, денсаулықты және ұзақ өмір сүруді қамтамасыз етудегі шешуші факторлардың бірі. Өнім сапасы елдің экономикалық саясатында маңызды рөл атқарады. «Қазақстандық дегеніміз - жоғары сапа» - бұл мемлекет пен өндірушілердің күш-жігерін біріктіретін және Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтағы беделін арттыруға үлес қосатын ұлттық идеяға айналуы тиіс мақсат.
2019 жылы Дүниежүзілік сапа апталығы 11-17 қараша аралығында, ал Сапа күні 14 қарашада өтеді. Қазақстан Республикасында бұл күн жыл сайынғы «Алтын сапа» президенттік сыйлығы байқауы және «Қазақстанның үздік өнімі» ұлттық байқауы мен көрмесі туралы 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Президент Жарлығының жариялануымен атап өтіле бастады. Бұл сапа байқаулары отандық өндірушілерді қолдау және ішкі нарықта жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдерді жеткізуді ілгерілету мақсатында өткізіледі.
